Amansultan платформасына қош келдіңіз! Бізбен бірге болғаныңызға қуаныштымыз. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі -"Келісім") Amansultan білім беру платформасына, соның ішінде веб-сайтқа, мобильді қолданбаларға, контент пен қызметтерге (жиынтығында "Платформа" деп аталады) қолжетімділікті және оларды сіздің пайдалтауануыңызды реттейді.
Платформаны пайдаланар алдында осы Келісімді мұқият қарап шығыңыз. Платформаны пайдалана отырып, сіз осы Келісімнің шарттарын оқығаныңызды, түсінгеніңізді және оларды сақтауға келіскеніңізді растайсыз.
1. Жалпы ережелер
Amansultan платформасы мектеп оқушыларына арналған білім беру бағдарламаларына (0-11 сыныптар), соның ішінде PISA-ға, МОДО-ға қолжетімділік ұсынады.
Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабы мағынасында жария оферта шарты болып табылады. Келісімді қабылдау (акцепт) тіркелу және/немесе Платформаны нақты пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Платформаның операторы "Amansultan" ЖШС, БСН 211240026482, мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/17, блок С.3.2., 145-каб.
2. Біз өңдейтін жеке деректер
2.1. Платформаның жұмыс істеуі шеңберінде Amansultan Пайдаланушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін (бұдан әрі – "Дербес деректер") жинайды және өңдейді.

2.2. Өңделетін дербес деректерге мыналар жатады:
  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы, туған кезі;
  • ата-аналардың (заңды өкілдердің) және оқушылардың байланыс деректері (телефоны, электрондық поштасы, тұрғылықты мекен-жайы) ;
  • академиялық ақпарат (бағалары, мақсаттары, мүдделері, оқудағы жетістіктері);
  • Платформа шеңберіндегі оқудың, сабаққа қатысудың, белсенділіктің тарихы;
  • Платформамен өзара іс-қимыл туралы мәліметтер, соның ішінде ұсынылатын кері байланыс, комментарийлер, шағымдар мен ұсыныстар;
  • Платформаны пайдалану барысында  Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі ерікті түрде берген өзге де мәліметтер.
2.3.Дербес деректерді өңдеу дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің Платформада тіркеу кезінде және/немесе сервистерді одан әрі пайдалану кезінде білдірілген еркін, нақты, ақпараттандырылған және саналы келісімі негізінде жүзеге асырылады.
2.4. Дербес деректер осы Келісімде және Құпиялылық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін ғана өңделеді.
2.5. Дербес деректерді сақтау мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті кезеңді, бірақ Платформаны соңғы пайдаланған сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайтын кезеңді құрайды. Осы мерзім өткеннен кейін Дербес деректер жойылуға немесе иесіздендіруге жатады.
3. Жеке ақпаратты пайдалану
3.1. Жиналған Дербес деректер мыналар үшін пайдаланылады:
  • оқушылар үшін білім беру бағдарламаларын жеке таңдау және теңшеу;
  • ата-аналармен (заңды өкілдермен) және оқушылармен байланыс пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • академиялық прогресті талдау, ұсынымдар мен есептілікті әзірлеу;
  • Платформа арқылы ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және дербестендіру;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Платформаға қолжетімділікті бақылау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген немесе тиісті қызметтер көрсету үшін қажет жағдайларды қоспағанда, біз Дербес деректерді деректер субъектісінің келісімінсіз ешқашан үшінші тұлғаларға бермейміз.

3.3. Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі Дербес деректерді өңдеуге берген өзінің келісімін support@amansultan.kz мекенжайына жазбаша өтініш жолдау жолымен кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылы.

3.4. Заң бойынша немесе Оператордың заңды мүдделерін қорғау үшін өңдеу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарылып алынған жағдайда Дербес деректерді одан әрі өңдеу тоқтатылады.
4. Бөгде қолданбалар мен веб-сайттар
4.1. Білім беру қызметтерін іске асыру және өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін Amansultan сыртқы сервистер мен платформаларды (оның ішінде Zoom, Telegram, WhatsApp және өзге де коммуникация құралдарын)  пайдалана алады.

4.2. Мұндай сервистерде дербес деректерді өңдеу және қорғау қағидаларының сақталуы үшін тиісті қызмет көрсетушілер жауаптылықта болады. Amansultan бөгде сервистердің құпиялылық саясаты үшін жауап бермейді, алайда мұндай сервистерді таңдау кезінде олардың халықаралық беделін және деректерді қорғау шараларын назарға алады.

4.3. Кәмелетке толмағандардың бөгде сервистерді пайдалануына ата-анасының немесе заңды өкілдерінің расталған келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Бұл ретте ата-аналар (заңды өкілдер) баланың білім беру процесі шеңберінде қолданылатын бөгде сервистерге қолжетімділігін бақылау үшін жауаптылықта болады. Платформаны және бөгде сервистермен байланысты функцияларды пайдалануды жалғастыру фактісі мұндай келісімнің ата-аналар (заңды өкілдер) тарапынан  расталғаны болып есептеледі.

4.4. Бөгде сервисті пайдалану білім беру қызметін көрсету үшін міндетті болатын жағдайларда (мысалы, онлайн-сабақтар үшін бейнебайланыс), мұндай сервисті пайдалануға келісім осы Келісімді құптау сәтінде білдірілген болып есептеледі.
5. Пайдаланушы құқықтары
5.1. Пайдаланушы (ал кәмелетке толмағандар жағдайында – оның ата-анасы немесе заңды өкілдері) кез келген уақытта:
  • өздерінің жеке деректеріне, соның ішінде оларды өңдеудің мақсаттары мен тәсілдері, өңделетін деректердің санаттары және деректер берілген адамдар туралы ақпаратқа қолжетімділік сұрауға;
  • өздерінің дербес деректерін, егер олар толық емес, ескірген болса немесе заңнама бұзылып өңделсе, түзетуді, жаңартуды немесе жоюды талап етуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді өңдеуге бұрын берілген келісімді қайтарып алуға және өңдеуді тоқтатуды талап етуге;
  • өз деректерінің өңделуін шектеуге (мысалы, маркетинг немесе статистика үшін пайдалануға тыйым салуға);
  • өзінің дербес деректерін өңдеу мәселелері бойынша түсініктеме алуға құқылы.
5.2. Аталған құқықтарды іске асыру үшін Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі support@amansultan.kz электрондық мекенжайына жазбаша өтініш жібере алады.

5.3. Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жеке ақпаратты тарату
6.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, біз дербес деректерді Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға таратпаймыз және ашпаймыз.

6.2. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға тек қажетті көлемде келесілер үшін беруге жол беріледі:
  • білім беру қызметтерін тиісті  түрде көрсету (мысалы, кураторға немесе сабақ беретін оқытушыға ақпарат беру);
  • Оператордың заң бойынша міндеттерін орындау (мысалы, мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде сұрауы бойынша);
  • Оператордың заңды мүдделерін қорғау, егер бұл Пайдаланушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса.
6.3. Деректер берілетін үшінші тұлғалардың барлығы құпиялылық режимін сақтауға және деректерді Пайдаланушыға қызмет көрсетумен байланысты мақсаттар үшін ғана пайдалануға міндетті.
7. Қауіпсіздік
7.1. Amansultan дербес деректерді қорғау үшін заманауи ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады, бірақ олармен шектелмейді:
  • ақпаратты беру және сақтау кезінде оны шифрлау;
  • деректердің сақтық көшірмесін жасау;
  • көп деңгейлі аутентификация және қолжетімділікті басқару жүйелерін пайдалану;
  • дербес деректерге қолжетімділікті шектеп, тек уәкілетті қызметкерлерге ғана рұқсат беру.
7.2. Біз сондай-ақ дербес деректерге заңсыз қол жеткізу, олардың таралып кетуі немесе дербес деректердің қауіпсіздігін өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда Пайдаланушыларға жедел хабарлауға, сондай-ақ мұндай жағдайлардың салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндеттенеміз.

7.3. Шаралар қабылданғанымен, байланыс желілеріндегі деректердің абсолютті қорғауда болатынын кепілдендендіру мүмкін еместігін Пайдаланушы түсінеді. Amansultan тәуекелдерді барынша азайту және инциденттерге жедел ден қою үшін барлық ақылға қонымды шараларды қолданатын болады.
8. Халықаралық аударымдар
8.1. Дербес деректерді барлық өңдеу Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.

8.2. Деректерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге беру қажет болған жағдайда, Оператор Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық қолданылатын талаптарының, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларының дербес деректерді қорғау бөлігінде сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

8.3. Заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, деректерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге беруге дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің алдын ала келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

8.4. Деректерді трансшекаралық беру кезінде Оператор шет мемлекеттің аумағында дербес деректерді тиісті қорғау қамтамасыз етілетініне немесе осындай қорғауға кепілдік беретін шарттық механизмдер жасалғанына көз жеткізіп алуға міндеттенеді.
9. Ақпаратты сақтау
9.1. Пайдаланушылардың дербес деректері деректер субъектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда сақталады және сақтау мерзімі оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет уақыттан аспайды.

9.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім көзделмесе, дербес деректерді сақтау мерзімі Пайдаланушы Платформаны соңғы пайдаланған сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайтын уақыт құрайды.

9.3. Дербес деректерді сақтау заң бойынша талап етілетін немесе Оператордың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажеттілігімен байланысты жағдайларды қоспағанда, көрсетілген мерзім өткеннен кейін дербес деректер жойылуға немесе иесіздендіруге жатады.

9.4. Дербес деректерді жою немесе иесіздендіру актімен тіркеледі және оларды қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын тәсілдермен жүзеге асырылады.
10. Кәмелетке толмаған пайдаланушылар
10.1. Кәмелетке толмағандар Amansultan платформасының қызметтерін ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда ғана пайдалана алады. Мұндай келісімсіз біз кәмелетке толмағандардың дербес деректерін жинамаймыз және өңдемейміз.

10.2. Компания ата-аналардың/заңды өкілдердің келісімін жазбаша растауды сұрау, сондай-ақ берілген деректердің дұрыстығын тексеру құқығын өзіне қалдырады.

10.3. Кәмелетке толмағандардың өз жасы туралы дұрыс емес ақпарат бергені және өздерінің заңды өкілдерінің келісімінсіз сервистерге қол жеткізгені үшін олардың ата-аналары немесе тіркеу кезінде деректерді ұсынған өзге де тұлға жауаптылықта болады.
11. Келісімдегі өзгерістер
11.1. Оператор осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.

11.2. Егер өзгерістердің мәтінінде өзгеше көрсетілмесе, барлық өзгерістер  Платформаның ресми сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

11.3. Пайдаланушылар өзгерістер туралы сайтта жариялау арқылы және/немесе тіркеу кезінде ұсынылған байланыс деректеріне ақпараттық хабарлама жіберу арқылы хабардар етіледі.

11.4. Өзгерістер жарияланғаннан кейін Пайдаланушының Платформаны пайдалануды жалғастыруы оның Келісімнің жаңа редакциясымен келісетінін білдіреді. Өзгерістермен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Платформаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.
12. Байланыс
2.1. Платформаны пайдаланумен және осы Келісіммен байланысты барлық өтініштерді, сұраулар мен шағымдарды Пайдаланушы электрондық пошта мекенжайына жібере алады: support@amansultan.kz.

12.2. Оператор Пайдаланушы ұсынған байланыс деректерін Платформаны пайдалануға қатысты заңды маңызы бар хабар, хабарлама және өзге де ақпарат жіберу үшін пайдалануға құқылы. Мұндай хабарламалар олар жіберілген сәттен бастап жеткізілген болып саналады.

12.3. Пайдаланушы сенімді және өзекті байланыс деректерін ұсынуға және  олардың өзгергені туралы Операторға уақтылы хабарлауға міндеттенеді.
13. Тікелей маркетинг
13.1. Оператор жаңа курстар, акциялар, арнайы ұсыныстар және Amansultan платформасының өзге де өнімдері туралы ақпараттық және жарнамалық хабарлар жіберу үшін Пайдаланушының байланыс деректерін пайдалануға құқылы.

13.2. Жарнамалық ақпаратты тарату Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің Платформаға тіркелу кезінде немесе оны пайдалану барысында берілген жеке келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

13.3. Пайдаланушы Платформаның тиісті функционалын пайдалана отырып немесе support@amansultan.kz электрондық мекенжайына өтініш жіберіп, таратылымды алудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

13.4. Таратылымнан бас тарту Пайдаланушының Платформа функционалына қолжетімділігін шектемейді және білім беру қызметтерін көрсетуге әсер етпейді.
14. Жауапкершілік
14.1. Amansultan үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, электрмен жабдықтау іркілістерін, байланыс провайдерлерінің жұмысын, зиянды бағдарламалардың әрекеттерін және өзге де еңсерілмейтін күш мән-жайларын қоса алғанда, Платформа жұмысындағы Оператордың ақылға қонымды бақылауынан тыс жағдайлардан туындаған  техникалық іркілістер мен үзілістер үшін жауаптылықта болмайды.

14.2. Amansultan сондай-ақ Пайдаланушының Платформаны дұрыс пайдаланбауының салдары үшін, соның ішінде дұрыс емес деректер беру, қолжетімділік ережелерін бұзу немесе Платформаны мақсатына сәйкес пайдаланбау үшін де жауаптылықта болмайды.

14.3. Сонымен қатар Amansultan ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде және шарттарда жауаптылықта болады.
15. Қорытынды ережелер
15.1. Пайдаланушының Платформаны пайдалануы оның осы Келісімнің шарттарын толық және сөзсіз қабылдайтынын білдіреді. Келісімнің шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Платформаны пайдалануды дереу тоқтатуға және бұл туралы Операторға хабарлауға міндетті.

15.2. Осы Келісім - Оператор мен Пайдаланушы арасындағы қолданыстағы шарт және ол Платформаға, соның ішінде Платформа арқылы ұсынылатын барлық сервистерге, қолданбаларға және контентке қолжетімділіктің және оларды пайдаланудың тәртібін реттейді.

15.3. Осы Келісім орыс тілінде жасалды. Пайдаланушының талабы бойынша қазақ тіліне аудармасы ұсыныла алады. Мәтіннің нұсқалары арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқасы басымдыққа ие.

15.4. Осы Келісімнің қандай да бір ережесінің жарамсыздығы Келісімнің тұтастай жарамсыздығына әкелмейді. Мұндай жағдайда Тараптар жарамсыз ережені бастапқы ниеттерге мүмкіндігінше жақын жаңа ережемен ауыстыруға міндеттенеді.

15.5. Осы Келісімнің шеңберіндегі барлық хабарламаларды, хабарларды және заңдық маңызы бар өзге де хат-хабарларды Оператор Пайдаланушыға электрондық пошта, мессенджерлер арқылы немесе Платформаның интерфейсі арқылы жібере алады және олар жіберілген сәттен бастап жеткізілген болып саналады.

15.6. Осы Келісім Пайдаланушы Платформаны пайдалануды тоқтатқан сәтке дейін, ал сипаты бойынша тоқтатылғаннан кейін де қолданылуын жалғастыратын міндеттемелер бөлігінде (дербес деректерді қорғау, құпиялылықты сақтау және дауларды реттеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) – олар толық орындалғанға дейін қолданылады.

Пайдаланушы келісімі
Дата обновления: 03.09.2025