1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Құпиялылық саясатын (бұдан әрі – "Саясат") "AmanSultan" ЖШС, БСН 211240026482 (бұдан әрі - "Оператор") Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірледі және бекітті.

1.2. Саясат Amansultan білім беру платформасын (бұдан әрі – "Платформа") пайдаланушылардың, соның ішінде оқушылардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің), педагогтардың, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ ресми веб-сайтқа кірушілердің дербес деректерін өңдеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.3. Платформаны пайдалану кезінде Пайдаланушы осы Саясатпен танысып шыққанын растайды және дербес деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңдеуге келісімін білдіреді.
2. Оператор өңдейтін дербес деректер
2.1. Деректер субъектісінің санатына және Платформамен өзара әрекеттесудің сипатына байланысты Оператор дербес деректердің келесі санаттарын жинап, өңдей алады:
  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • туған күні, жасы;
  • байланыс деректері (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, тұрғылықты мекенжайы);
  • академиялық ақпарат (бағалар, тестілеу нәтижелері, оқу мақсаттары, қызығушылықтар);
  • оқу және сабаққа қатысу тарихы;
  • логиндер, парольдер (шифрланған түрде), пайдаланушы теңшеулері;
  • төлем деректері (ақылы қызметтер көрсетілген жағдайда);
  • Платформамен өзара әрекеттесу туралы мәліметтер (кері байланыс, комментарийлер, қолдау қызметіне жүгіну);
  • Пайдаланушы өз еркімен ұсынған фотокескіндер, аватарлар, өзге де деректер.
2.2. Кәмелетке толмаған пайдаланушыларға қатысты оқу процесін ұйымдастыру үшін барынша аз қажетті деректер ғана өңделеді. Мұндай деректерді өңдеуге ата-ананың немесе заңды өкілдің келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Кәмелетке толмаған баланың атынан аккаунт тіркегенде ата-ана (заңды өкіл) баланың дербес деректерін өңдеуге өзінің келісімін растайды. Осыдан кейін Платформаны кәмелетке толмағандардың пайдалануы фактісі де  оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің осы Саясатпен танысып шығып, баланың дербес деректерін өңдеуге келісім бергенін растау ретінде қарастырылады.

2.3. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімін  жазбаша нысанда, сондай-ақ электрондық нысанда Платформаның функционалы арқылы, соның ішінде тіркеу кезінде тиісті белгі ("қанат белгісін") қоюмен немесе ата-ананың аккаунты арқылы растаумен білдіруге болады. Мұндай келісімнің заңды күші болады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазбаша келісімге теңестіріледі.

2.4. Платформаны пайдалану кезінде Оператор автоматтандырылған деректерді жинай алады: IP-мекенжай, құрылғы мен браузердің типі, операциялық жүйе, кіру тарихы, кіру күні мен уақыты, cookies, жүктелген файлдардың метадеректері.

2.5. Қызметкерлер таңдап, жалдау мақсатында Оператор үміткерлердің дербес деректерін: түйіндемені, білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі туралы мәліметтерді, байланыс деректерін, онлайн-сұхбат материалдарын өңдеуіне болады.
3. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
Дербес деректер тек қана заңды мақсаттарда, оның ішінде мыналар үшін өңделеді:
  • білім беру қызметтерін ұсыну және Платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • оқу процесін ұйымдастыру, тестілеу және прогресті бағалау;
  • Пайдаланушылармен және олардың заңды өкілдерімен байланысты қамтамасыз ету;
  • Оператордың шарттық және заңды міндеттемелерін орындау;
  • статистика және талдау жүргізу, дербес ұсынымдарды қалыптастыру;
  • ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және дербестендіру;
  • Платформаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз кірудің алдын алу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
4. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру
4.1. Оператор дербес деректерді үшінші тұлғаларға тек мынандай айрықша жағдайлар  үшін ғана беруге құқылы:
  • деректерді пелагогтарға және  Пайдаланушымен байланысы бар  білім беру ұйымдарына беру;
  • құпиялылық және деректерді қорғау туралы шарт жасалған жағдайда, Платформаның жұмысын қамтамасыз ететін мердігерлер мен хостинг-провайдерлерге қолжетімділік беру;
  • мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде талап етуі бойынша;
  • деректер субъектісінің жеке келісімінің негізінде.
4.2. Дербес деректер берілетін барлық үшінші тұлғалар құпиялылық режимін сақтауға және деректерді тек білім беру қызметтерін көрсетумен байланысты мақсаттардағана пайдалануға міндетті.
5. Деректерді трансшекаралық беру
5.1. Дербес деректер, әдетте, Қазақстан Республикасының аумағында өңделеді және сақталады.

5.2. Деректерді шет мемлекеттерге беру қажет болған жағдайда Оператор Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының талаптары сақталуын қамтамасыз етеді.

5.3. Трансшекаралық беру дербес деректерді адекватты қорғау деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттерге ғана немесе деректер субъектісінің (оның заңды өкілінің) жазбаша келісімі болғанда ғана рұқсат етіледі.
6. Деректерді сақтау мерзімі және оларды жою
6.1. Дербес деректерді сақтау мерзімі  оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет уақыттан аспайды:
  • оқушылар үшін – оқу жылы бойы және оқу бітіргеннен кейін 1 (бір) жыл;
  • педагогтар мен әкімшілер үшін - аккаунттың қолданылу мерзімі бойы;
  • үміткерлер үшін - бос орынға конкурс аяқталғаннан кейін 12 (он екі) ай бойы.
6.2. Көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін, егер оларды одан әрі сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілмесе, деректер жойылуға не иесіздендіруге жатады.

6.3. Дербес деректерді жою немесе иесіздендіру оларды қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтын әдістермен жүзеге асырылады және тиісті актімен рәсімделеді.
7. Дербес деректер субъектілерінің құқықтары
7.1. Дербес деректер субъектілерінің мынадай құқықтары бар
  • олардың деректерін өңдеу фактісі, өңдеудің мақсаттары мен  тәсілдері туралы ақпарат алу;
  • өздерінің дербес деректеріне қолжетімділік және олардың көшірмелерін алу;
  • деректерді түзету, жаңарту және жою;
  • бұрын берілген келісімді қайтарып алу;
  • деректерді өңдеуді шектеу;
  • Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына шағым беру.
7.2. Дербес деректер субъектілерінің сұрауларын Оператор күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарауы тиіс.
8. Кәмелетке толмағандардың деректерін өңдеу ерекшеліктері
8.1. Кәмелетке толмаған пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Кәмелетке толмаған баланың атынан аккаунт тіркегенде ата-ана (заңды өкіл) баланың дербес деректерін өңдеуге өзінің келісімін растайды.
Бұдан кейін Платформаны кәмелетке толмағандардың пайдалануы фактісі де  оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің осы Саясатпен танысып шығып, келісімдерін бергенін растау ретінде қарастырылады. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімін растауды жазбаша нысанда да, сондай-ақ Платформаны пайдалану кезінде электрондық нысанда да (мысалы, тіркелу кезінде тиісті опцияны таңдау арқылы немесе жеке кабинетте растау арқылы) беруге болады.

8.2. Тіркеу мектептің немесе өзге де оқу орнының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын жағдайларда Оператор ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімін, сондай-ақ білім беру ұйымының келісімін жазбаша растауды сұрау құқығын өзіне қалдырады.

8.3. Кәмелетке толмаған Пайдаланушылар Платформаны тек білім беру мақсатында және тек оқу процесін ұйымдастыруға қажетті көлемде ғана пайдалана алады. Ата-аналар немесе заңды өкілдер кәмелетке толмағандардың Платформаны пайдалануын бақылау және қадағалау үшін жауап береді.
9. Байланыстар
9.1. Дербес деректер субъектілерінің өздерінің дербес деректерін өңдеумен және қорғаумен байланысты мәселелер жөніндегі барлық өтініштері, сұраулары, шағымдары мен өзге де өтініштері Операторға мынадай деректемелерге жіберіледі:
  • электрондық пошта: privacy@amansultan.kz;
  • пошталық мекенжай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/17, блок С.3. 2., 145-каб.
9.2. Оператор деректер субъектілерінің өтініштерін қарау үшін және Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін жауапты дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті қызметкерді (Data Protection Officer) тағайындайды.

9.3. Өтініштерді Оператор заңнамада белгіленген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Осы құпиялылық саясатын "Amansultan" ЖШС бекіткен және бұл құпиялылық саясаты - Оператордың барлық қызметкерлері мен мердігерлері орындауға міндетті ресми құжат.

10.2. Осы Саясат Платформаның Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі.

10.3. Платформаны пайдалана отырып, Пайдаланушы осы Саясатпен танысып шыққанын, оның мазмұнын түсінетінін растайды және өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім білдіреді, ал кәмелетке толмағандар жағдайында - келісімді оның ата-анасы немесе заңды өкілдері береді.

10.4. Платформаны пайдалануды жалғастыру фактісі Пайдаланушының (оның заңды өкілінің) осы Саясаттың шарттарымен келісетінін растау ретінде қаралады. Келіспеген жағдайда Пайдаланушы Платформаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.

10.5. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Саясатқа өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер енгізілгені туралы Пайдаланушыларға сайтта жариялау  арқылы және/немесе ұсынылған байланыс деректеріне хабарлама жіберу жолымен хабардарланады.
Құпиялылық саясаты
Дата обновления: 27.08.2025